Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Арыстанбек Мұхамедиұлы миллиондап жалақы алатынын мойындамады

Арыстанбек Мұхамедиұлы министр болып тұрғанда да ондай еңбекақы алмағынын айтты. Оның айтуынша, ол министр қызметін атқарғанда 980 мың теңге жалақы алған екен.

Сурет : 24 kz12 Шілде 2019, 12:36

Министр креслосын тастап, таяуда ғана Ұлттық музей директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлы желіде өзінің жалақасына қатысты шыққан сыбысты жоққа шығарып, Facebook парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде біреулер экс-министрдің еңбекақысын 3 млн теңге көлемінде болады деп ақпарат таратқан. Бұл жел сөзге экс-министр бірден жауап қатып, жағдайды түсіндірді.

"Достарым, жалақымның қанша болатыны әлі өзіме де белгісіз болып тұрғанда, мынандай жалған ақпарат тарап кетті. 3 млн теңге көлеміндегі еңбекақы деген жалған. Мұндай шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату кімге пайда әкелетінін білмеймін, fake news қолдан жасалғанына күмәнім жоқ. Тым әсіре сілтепті, басқа не айтуға болады. Өздеріңізге аян, көптен бері мәдениет саласы қызметкерлеріне жоғары жалақы беруін сұрайтынмын. Министр қызметін атқарған бес жыл ішінде осы мәселені бірнеше рет көтердім. Егер осындай ақпарат шындыққа жанасса, әрине қуанар едім, өкінішке қарай, бұл әзірге мүмкін емес.

Әдеттегідей, сіздерге шынымды айтайын: министр қызметін атқарғанда менің еңбекақым 980 мың теңге болды. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 "Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" ҚР Үкіметінің Қаулысы негізінде Ұлттық музей директоры ретінде 172 436 теңге есептеліп, қолыма 139 673 теңге берілетін болады.

Бұл қызметтегі менің санатым "А1-1", еңбек өтілім мамыр айын қоса алғанда 31 жыл үш ай болды. Сонымен, достарым, не шықты? Нағыз фейк. Жалған ақпаратта менің айлық жалақым ретінде көрсетілген сома менің еңбекақымды 95% көбейтіп, мен 12 айда алатын 1 676 076 теңгені екі есеге арттырыпты. Бізде "13-ші еңбекақы", бонустар жоқ. "Кездейсоқ" миллиондарға қателесіп кетіпті... Мұндай жалған ақпаратқа сенген адамдар табылып, оларға түсінік беруім күлкілі жағдай. Осымен бұл тақырыпты талқылауды доғарайық, ағайын. Мұндай ұсақ-түйекке уақытымды енді кетірмеймін: ақылдылар өздері түсінеді, ақмақтарға түсіндіре алмайсың. Баршаңызға жақсы көңіл-күй үшін рақмет!», - деп жазды экс-министр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер