Бурабай ауданында бір әкім 500 мың теңге пара алғанын мойындады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2019 22:57 zakon.kz
Ол бір азаматтың мүдделерін қорғау үшін одан 500 мың теңге пара алған – Балғабеков

Бурабай ауданындағы Зеленоборский ауылдық округінің әкіміне қатысты тергеу жүргізілуде. Ол пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде Ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Балғабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Ақмола облысында Бурабай ауданындағы Зеленоборский ауылдық округінің әкіміне қатысты тергеу жүргізілуде. Ол пара алды деген күдікке ілініп отыр. Әкім бір азаматтың мүдделерін қорғау үшін одан 500 мың теңге пара алған, – деді спикер.

Ұлттық бюро дерегінше, әкім "Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын" жүзеге асыру аясында Зеленый бор ауылынан жеке тұрғын-жай құрылысы үшін жер телімін бөлу мәселесін қарастыру кезінде пара берушінің мүддесін тықпалаған.

– Ол өз кінәсін толық мойындағаны себепті қамауға алынған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр, – деді Балғабеков.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: