СҚО-да басқарма басшысы пара алып жатқан жерінде ұсталды

ria.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 15:13 ria.ru
Ол заңды тұлғаның өкілінен 300 мың теңге пара алған.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"25 сәуірде СҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро Департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау басқармасының басшысын пара алып жатқан жерінде ұстады. Ол 300 мың теңге параны тексеріс бойынша оң қорытынды беру үшін заңды тұлғаның өкілінен алған" - делінген хабарламада.

27 сәуірде сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: