Жаңалықтар тізбегі
0

Арыста мал көметін орындарда Сібір жарасы жоқ

Twitter  Источник: https://ustinka.kz/kz/kazakhstan/ust-kamenogorsk/40, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2019 17:00 Twitter Источник: https://ustinka.kz/kz/kazakhstan/ust-kamenogorsk/40
Жыл сайын ол араға мониторинг жасалады. Топырақ сынамалары алынып, арнайы зертханада тексеріледі.

Арыста өлген малдарды көмген жерден Сібір жарасы анықталған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада өлген малды көметін екі орын бар. Біреуі - Дерменде, екіншісі Қожатоғай ауылдық округінде орналасқан. Екеуі де мамандардың қатаң бақылауында. Бұл туралы қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен брифингте Арыс қаласының аумақтық инспекциясының басшысы Өмірқұл Омаров мәлімдеді.

- Бардық, тексердік, мал көмген орындар еш бүлінбеген. Бәрі оынында, барлық талап бойынша. Ол жер ветеринарлардың үнемі қадағалауында. Жыл сайын ол араға мониторинг жасалады. Топырақ сынамалары алынып, арнайы зертханада тексеріледі. Зерттеу нәтижесі бойынша ол арадан ешқандай қауіп анықталмады. Ол жерлерден сібір жарасы шықты деген бір де бір дерек тіркелген емес, - деді Омарқұл Омаров.

Айта кетсек, 15 шілдеде Арыс маңында сібір жарасын жұқтырып, өлген болуы мүмкін малдар көмілген орын табылды. Қорғаныс Министрлігінің саперлері Арыс маңын тазалап жүргенде далада иесіз жатқан өлген малдарды көметін орынға тап болады. Сөйтіп Қорғаныс министрлігінің арнайы санитарлық-эпидемиологиялық қызметі ол араны тексеріп, ішінен сібір жарасы бар сынамаларды тауып алған.

- Қаланың сыртынан сібір жарасын жұқтырып, өлген малдарды көмген орын табылды. Оларды басқа жерге алып кетті. Қорғаныс министрлігінің мамандары келіп, барлық жерге дезинфекция жүргізді, - дейді жергілікті тұрғын Жеберле Достанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: