Жаңалықтар тізбегі
0

Арыста жасөспірімдерді әлеуметтік желі арқылы суицидке итермелеген ер адам ұсталды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2020 15:12 24.kz
Бүгінде ішкі істер министрлігінде ғаламтор, әлеуметтік желіге арнайы мониторинг жүргізіп отыратын тұтас департамент бар.

Әлеуметтік желіде жасөспірімдерді суицидке итермелеген 14 топ анықталды. Бұл - тек жыл басынан бергі статистика, деп хабарлайды zakon.kz.

"Хабар-24"-тің мәліметінше, Интернет арқылы өрімдей ұл-қыздарды өлімге итеретіндер бастапқыда ешқандай күдік келтірмейді. Балаларға тек ойын түріндегі тапсырмалар береді. Бірақ ақыры өлімге алып барады. Мұны біреу білсе, біреу білмейді. Осындай ойыннан талай отбасы зар иледі.

Бұл - Камилла. Өзі емес, сыныптасы әлеуметтік желідегі қара ниеттілердің құрығына ілінген. Құрбысының тұзаққа түскенін Камилла бірден аңғармаған. Уақыт өте келе өзімен бірге оқитын қыздың өзгергенін байқайды. Тұйық, ашушаң бола бастапты. Сыныптасымен ебін тауып сөйлесіп, ақыры оның қандай жағдайға тап болғанын біледі.

Камилла, зардап шеккен қыздың құрбысы:

- Әлеуметтік желіде бір топқа кіргенін айтты. Басында тек ойын деп қабылдаған. Қызықты болған. Алғашқыда "сурет сал, суретке түс" деген сынды тапсырмалар беріп отырған. Соңында енді "өз тамырыңды кес" деген. Ал әлеуметтік желіде отырған кураторлар "егер тамырыңды кеспесең, біз сенің ата-анаңды өлтіреміз, мекен-жайларыңды білеміз" деп қорқытқан. Осыдан соң сыныптасым тамырын кескенін айтты. Осы жағдайдың бәрін құрбымның өзі баяндап бергенде есеңгіреп қалдым.

Бұл сұмдықты бірінші болып білген қос қыздың сынып жетекшісі. Кейін тек Камилланың құрбысы емес, өзге де сыныптастары осы ойынды ойнағандарын айтқан. Балалармен психологтар жұмыс істеген. Әйтеуір мұның соңы тыныш аяқталған. Арыстықтар бұл оқиғаны ұмыта бастап еді. Арада уақыт өтіп, тағы да Арыста әлеуметтік желіде жасөспірімдерді өлімге итермелейтін адамдар ұсталды.

Әлібек Оразалы, ҚР ІІМ Криминалды полиция департаментінің аға жедел уәкілі:

- Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны осындай суицидтік ойындарға жетекшілік еткені үшін анықталып, ұсталды. Ол өзі құрған телеграм каналдарды пайдаланып, жасөспірімдерді өлімге шақырған. Қазір тергеу, тексеру жасалуда.

Жедел уәкілдің айтуынша, әлеуметтік желідегі мұндай арампиғылды адамдарды ұстау оңай емес. Әркезде белсенді болмайды. Жұмыстарын аракідік жүргізіп тұрады. Сондықтан гаджеттің дәуірі жүріп тұрғанда балаға абай болған жөн.

Екатерина Миронова, суицидолог:

- Ұл-қыздың әрбір әрекетіне жіті мән беру керек. Бала өзін қалай сезініп тұр, не ойлап жүр, міне осының бәрін сұрап, саралап отыру қажет.

Бүгінде ішкі істер министрлігінде ғаламтор, әлеуметтік желіге арнайы мониторинг жүргізіп отыратын тұтас департамент бар. Егер қандай да бір күдік туындаса әлгі топ яки парақша бұғатталады. Бірақ жаңалары да пайда болып жатады. Сондықтан әр баланы үйдегі ересектер жіті қадағаласа, дейді мамандар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: