Аулалардың қауіпсіздігі полиция генералының қатаң бақылауына алынды

Алматы облыстық ПД Алматы облыстық ПД
Аймақтың бас полицейімен кездесуге келген тұрғындар келелі мәселерді көтеріп, оны шешу жөнінде ұсыныстарын да айтты.

Алматы облысында өтіп жатқан "Ауладағы қабылдау" республикалық акциясы барысында облыстық полиция басшысы генерал-майор Мұрат Ұрұмханов Талдықорған қаласы "Жастар" шағын ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтың бас полицейімен кездесуге келген тұрғындар келелі мәселерді көтеріп, оны шешу жөнінде ұсыныстарын да айтты.

"Тұрғындар кездесу барысында ауланың қауіпсіздігі мәселесін көтерді. Атап айтсам, аулада жүрген көліктердің жылдамдығын шектеу мақсатында жасанды кедергілер қою, бейнебақылау камераларының санын ұлғайту, жалға берілетін пәтер иелерімен жұмыс жүргізу және өзге ұсыныстар айтылды", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Әрбір мәселені тұрғындармен және пәтер иелері кооперативінің төрайымымен жан-жақты талқылаған полиция генералы Мұрат Ұрұмханов жергілікті учаскелік полиция инспекторы мен қалалық Полиция басқармасының бастығы Асқар Нұрсапаға тиісті тапсырмалар берді.

"Тұрғындардың, әсіресе, бүлдіршіндердің қауіпсіздігі және өмір сүру қолайлылығын қамтамасыз ету үшін өте орынды ұсыныстар айтылды. Бұл проблемаларды шешуді тапсырамын. Бір айлық мерзімде мәселені шешіңіздер және келесі айда тағы да кездесу өткізіп, есеп бересіздер!", - деді өз сөзінде облыстық Полиция департаментінің бастығы М. Ұрұмханов.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-07/thumbs/1563536052_ldrop.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-07/thumbs/1563535952_rdva.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз