Жаңалықтар тізбегі
0

Тараздағы колонияда болған оқиға прокуратураның бақылауына алынды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2018 16:26 inform.kz
Ақпарат есірткі контрабандасы үшін 15,5 жылға бас бостандығынан айырылған 1981 жылы туған Қырғызстан азаматы Эркинбек Тентимишевқа қатысты.

Жамбыл облысының прокуратурасы әлеуметтік желіде тараған Тараз қаласы 158/4 мекемесінде наразылық белгісі ретінде аштық жариялаған Қырғызстан азаматына қатысты мәліметті тексеруде, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облысының прокуратурасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Ақпарат аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін 2016 жылдың желтоқсан айында 15,5 жылға бас бостандығынан айырылған 1981 жылы туған Қырғызстан азаматы Эркинбек Тентимишевқа қатысты.

Э.С. Тентимишов ІІІ топтағы мүгедек. 2017 жылдың қазан айынан бастап денсаулығына байланысты мекеменің медициналық бөлімінде емдеуден өткен. Мекеме әкімшілігі Э. Тентимишевтің жағдайының жақсаруына байланысты қалыпты ұстау жағдайына биылғы ақпан айынан бастап ауыстыру шешімін шығарған. Алайда сотталушы қабылданған шешімге қарсылық білдірді.

Сотталушыға облыс прокуратурасының қызметкерлерімен кездесуі барысында мекеменің әкімшілігі тарапынан медициналық бөлімде одан әрі қалуға болмайтыны түсіндірілген және ол ешқандай наразылығы жоқ екенін айтқан.

Прокуратура сотталғандар құқықтарының толық сақталуы бойынша түзеу мекемесі әкімшілігінің әрекеттеріне тексеру жүргізуді жалғастыруға және оған құқықтық баға беруге ниетті.

Э.С. Тентимишовке құқық қорғау ұйымдары өкілдеріне жүгінуге мүмкіндік берілді.

Оған дейін сотталушы жазаны әрі қарай отанында өтеу үшін өтініш бергенін хабарлаймыз. Қазақстанның Бас прокуратурасы оның сұрауын қолдап, Қырғызстанға тиісті сауал жолдады.

Алайда 2017 жылғы 21 маусымда Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасынан Э.С. Тентимишовке жасаған қылмысының қоғамдық қауіптілік деңгейінің жоғары, сондай-ақ мемлекет мүддесіне залал келтіреді деген себеппен, оны қабылдаудан бас тарту туралы жауап келді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: