Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда жарына опасыздық жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартпақ

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2018 23:28 Stan.kz
Неке адалдығын сақтамаған азаматтар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Еуразиялық Одақтың жолын ұстанғанына, сондай-ақ зинақорлықты қылмыс деп тану туралы ұсынысты қабылдамағанына өкінетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі The Independent-ке сілтеме жасап хабарлайды.

1996 жылы Конституциялық сот еркектерге қарағанда әйелдер көп жазаланады деп зинақорлық туралы заңнын күшін жойған болатын. Осы заң қолданыста болғанда күйеуінің көзіне шөп салған түрік әйелдері кінәлі деп танылып жазаланған. Ал еркектерді тек көңілдесімен ұзақ қарым-қатынаста болған жағдайда ғана жазалап отырған.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл мәселені қайта қарап, неке адалдығын бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек.

Биліктегілер 2004 жылы зинақорлық жасағандарды жазалау туралы заңды қайта енгізуді көздеген. Бірақ бұл заң Еуразиялық Одақтың талаптарына сай болмағандықтан, жүзеге асырылмай қалды.

Айта кетейік, зинақорлыққа қатысты заң қолданыста болған кезде, неке адалдығын сақтамаған азаматтар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: