Жаңалықтар тізбегі
0

KeshYou тобының экс-әншісін жар еткен спортшы желіде видео жариялады

Инстаграм, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2019 16:33 Инстаграм
Қос жұптың тойы жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Шаршы алаңда жеңіліп көрмеген боксшы Садриддин Ахмедов KeshYou тобының экс-әншісі Ақбота Құрманғалиды жар етіп, дүркіретіп Нұр-Сұлтанда той жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Тойдағы қос жұптың биін спортшы Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

????❤️

Публикация от SOLDIER OF QAZAQ(S.O.Q) (@sadriddin_____soq)

Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) шаршы алаңға 26 қыркүйекте оралып, Канаданың Монреал қаласында өнер көрсетеді. Оның келесі қарсыласының аты әлі жарияланған жоқ. 21 жастағы қазақстандық соңғы рет 29 маусымда мексикалық боксшы Даниэля Вегу Котуды (14-4-1, 11 КО) бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберіп, айқын жеңіспен аяқтаған.

Ахмедов әуесқой бокс бойынша жастар арасында әлем чемпионы атанған. Содан кәсіби боксқа ауысқан ол қазірдің өзінде айтарлықтай жетістіктерге ие. Қазір оның екі титулы бар: орташа салмақта WBC-дің «жастар» белдігі және WBC Asia белдігі.

Спортшы желіде анасының суреттерін жиі салып, ата-анасына өз ризашылығын білдіріп отырады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2019 16:33

Айта кетсек, танымал спортшы мен бойжеткеннің арасындағы махаббат жайлы көпшілікке биылғы жылдың көктемінде белгілі болған еді. Ал бір ай бұрын қыз ұзату тойы болып кеткен. Әншінің ұзату тойы Алматы қаласында өткен.

18 жастағы Ақбота Құрманғалиді Жанар Айжанова ұзатқан еді.

21 жастағы Садриддин Ахметов пен 18 жастағы Ақбота Құрманғалидің үйлену тойы 3 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді деп сол кезде хабарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: