Жаңалықтар тізбегі
0

Әйелін пышақтап, желіде жария еткен қылмыскер сотталды

www.1obl.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2018 15:13 www.1obl.ru
Сот медициналық сараптама материалдарында сотталушының ақыл есі дұрыстығы дәлелденген.

Әйелін пышақтап, суық қаруын анық көрсетіп видеоға түскен, онысын мақтана жариялаған Нарметовке қатысты сот үкімі шықты. Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында қаралған процесс кезінде пышақталған әйел күйеуіне кешірім беретінін мәлімдеді. Екі баланың әкесі, әйелін зәбірлеген айыпталушы сот залында әйелі мен қайын енесінен кешірім сұрап, өкінетінін білдірді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Екі перзентінің анасын пышақтағанына масайрап, масаттанған Нарметов бүгін сот процесі кезінде басқаша сайрады. Өкінетінін айтып, әйелі мен қайын енесінен кешірім сұрады.

Ғаламторда таратқан видеода басқа дінге кіріп кеткені үшін пышақтадым деп мақтанған сотталушының сөзі шындыққа жанаспайды. Тұрмыстық зомбылықтан қажып, төркініне кеткен әйелін қайтара алмай, қолын қанға малыған.

Өзіне пышақ ұрып, өлімге қия салған күйеуіне әйелі кешірім берді. «Арадағы қос құлынымның қамы» деп түсіндірді жәбірленуші.

Сот медициналық сараптама материалдарында сотталушының ақыл есі дұрыстығы дәлелденген. Нашақорлықпен, маскүнемдікпен ауырмайды. Бұрын сотты болмағаны, жәбірленушінің кешірім бергені ескеріліп, мемлекеттік айыптаушы 3 жыл алты айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушының қорғаушылары оны бас бостандығынан айырмауды сұранды. Себептерін де тізіп шықты. Мемлекеттік айыптаушы, Қаратау аудандық прокуратурасының прокуроры А. Жұмағұлов адвокаттың сұранысына қарсылық білдірді. Жарты сағаттық кеңесуден соң сот үкімі де оқылды. Сот үкімімен, сотталушы үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталушы жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: