Көңілдесін өлтірді деп айыпталған әйел 10 жылға сотталды
today.kz
Кісі өлтіргені үшін айыпты деп танылған сотталушының бұрынғы күйеуі сот үкімімен келіспейді.
Отыз жеті жастағы әйел ашынасын асхана пышағымен өлтірген. Көңілдесімен болған кикілжің соңы кісі өлімімен аяқталды. Шілдеде болған қанды оқиғаға бүгін сот үкімі оқылды. Қылмысты кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылған Төлеби ауданының тұрғынын 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп жазады otyrar.kz.
Айжан Медеубекова, ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмысты істер жөніндегі сотының судьясы: «Сотталушы А. есімді азаматшаны кінәлі деп тауып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілсін. Үкім мерзімі 2017 жылдың 31 шілдесінен бастап есептелсін. Сот шығындарын өтеу үшін мемлекет пайдасына 405 мың 138 теңге сотталушының есебінен төленсін.»
Ал кісі өлтіргені үшін айыпты деп танылған сотталушының бұрынғы күйеуі сот үкімімен келіспейді. Баламның анасы кісі өлтірмек түгілі біреуге зәбір көрсетуге шамасы келмейді дейді ол.
Мурадали Ашфаров, сотталушының бұрынғы күйеуі: «Анна кісі өлтірген жоқ. Ол әлсіз әйел. Марқұм абайсызда өзін өзі өлтіруі мүмкін. Бірақ сот мұны ескермей отыр.»
Сотталушы Анихинаның қорғаушылары да сот үкімімен келіспейтіндерін айтады. Қос адвокат жоғары сот сатыларына шағым келтіреміз деп тас түйін бекініп отыр.
Тұрғын Айдарбеков, адвокат: «Кісі өлтірді деп айыпталып отырған Аннаның бойы — 155 см, марқұм 186 см болған. Пышақ толығымен 18 см енген. Бұған сотталушының шамасы да келмес еді. Біздің ұсынымдарымызды сот ескермеді. Жоғары сот инстанцияларына шағымданамыз.»
Фото: today.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript