Жаңалықтар тізбегі
0

"7-20-25" бағдарламасымен сатылатын тұрғын үйлердің тізімі жарияланды

kapital.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2019 20:10 kapital.kz
Тұрғын үйлердің 59-ы Алматы қаласында, ал 4-еуі Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

"Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ "7-20-25" бағдарламасы арқылы пәтер сатып алуға болатын еліміздегі тұрғын үйлердің тізімін жария етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Ипотекалық ұйым мәліметінше, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 10 облысында аталған бағдарлама арқылы 1789 пәтерді сатып алуға болады.

Тұрғын үйлердің басым бөлігі, нақты айтқанда 59-ы Алматы қаласында, ал 4-еуі Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

Айта кетейік, жылдық үстемесі 7 пайызды құрайтын, 25 жылға 20 пайыздық бастапқы жарнамамен берілетін ипотекалық тұрғын займын 2018 жылдың 4 шілдесінен бастап еліміздің екінші деңгейлі банктері бере бастаған еді.

ҚР Ұлттық банк мәліметінше, осы уақытқа дейін, қарыз алуға 125,3 млрд теңге сомасына 11 021 өтініш қабылданды. Оның ішінде 75,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 6 450 өтініш мақұлданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: