Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Арыстағы мектептер 20 тамызға дейін пайдалануға дайын болады - әкімдік

Арыстағы әлеуметтік нысандар 20 тамызға дейін пайдалануға дайын болады.

Сурет : Отырар ТВ5 Тамыз 2019, 11:53

Арыс қаласында 6,5 мыңнан астам тұрғын үй қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бір айдан бері құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Қаланы қалпына келтіруге 10 мыңнан астам құрылысшы атсалысты. Бүгінгі таңда Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының 90% астамы аяқталып отыр. Атап айтсақ, оның ішінде, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар мен инфрақұрылымдары қалпына келтірілді. 6,5 мыңнан астам тұрғын үй қалпына келтіріліп, отбасылар жөнделген үйлеріне кірді. Барлық инженерлік инфрақұрылым толық жөндеуден өткізілді. Көшелер ауқымды түрде реконструкцияланды. 62 әлеуметтік нысан, соның ішінде – ауруханалар, мектептер, балабақшалар, спорт объектілері 20 тамызға дейін дайын болады", - делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ мәлім болғандай, зардап шеккен 7516 жер үйдің 6611-і немесе 90 пайызы жөндеуден өтті. Қалған 905 үйдің жөндеу жұмыстары 10 тамызға дейін аяқталатыны жоспарланған.

"Көпқабатты 67 үйді қалпына келтіру жұмыстарын 20 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. Барлық 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру жұмыстары 20 тамызға дейін бітпек. Осыған орай, Штабтардың жұмысы 20 тамызға дейін жалғасады", - делінеді хабарламада.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер