Білім гранттары конкурсына қатысуға өтініш тапсыру мерзімі 30 шілдеге дейін ұзартылды

khabar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2020 04:59 khabar.kz
Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзартылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талапкерлердің өтініштері бойынша БҒМ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады:

eGov арқылы;

жоо-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша жоо-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі).

Барлық жоо-лардың тізімі және олармен хабарласу тәсілдері туралы ақпаратты мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2020 04:59

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: