Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Погондағы адам қылмыңдады" деген Айсәуленің не бүлдіргені белгілі болды

Айсәуле Бақытбектің күйеуі Әлішер Қайдаровқа келер болсақ, ол 2019 жылдың басында жүргізуші куәлігінен айырылды.

Сурет : Инстаграм5 Тамыз 2019, 14:33

Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек 2018 жылы мас күйінде рөлге отырып, көлік жүргізу құқығынан айырылған еді. Ал таяуда оның күйеуі Әлішер Қайдаров та дәл осындай құқық бұзушылық жасап, правасынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот актілер банкіндегі құжаттарға сәйкес, 1996 жылы туылған Бақытбек Айсәуле Бақытбекқызы 2018 жылдың қысында, шамамен сағат 5.50-де Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта Toyota көлігімен келе жатқанда, оны полиция тоқтатады. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Айсәуле Бақытбек орташа дәрежеде мас күйінде болған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тіркелді.

Сот қаулысымен Алагөзованың қызы кінәлі деп танылып, үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

- Іс материалдарында, неге екені белгісіз, А.Бақытбектен 02.04.2018 жылы алынып қойған BV № 005197 сериялы жүргізуші куәлігі тіркелмеген. Сондай-ақ жүргізуші куәлігінің қайда екендігі туралы ақпарат жоқ, сот алынған жүргізуші куәлігін беру туралы мәселені шеше алмайды, - делінген сот шешімінде.

Айсәуле Бақытбектің күйеуі Әлішер Қайдаровқа келер болсақ, ол 2019 жылдың басында жүргізуші куәлігінен айырылды.

Іс материалдары бойынша, 1995 жылы туған Қайдаров Әлішер Ерболұлы, шамамен сағат 2.40 шамасында, мас күйінде "Мерседес-Бенц GL400" маркалы көлігімен Қажымұқан көшесімен батыс бағытта келе жатып, Назарбаев даңғылымен жеткен қиылыста оны жол полициясы тоқтатқан. Осыған байланысты, ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабы, 1 тармағына сәйкес, оған әкімшілік хаттама толтырылды. Кәсіпкердің де жүргізуші куәлігі іс құжаттарыда тіркелмеген.

Ал сотқа Қайдаров келмеген. Тіркелген құжаттардағы дерекке сүйенсек, ол сыра ішкен. Салдарынан Алагөзованың күйеу баласы да үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Айта кетсек, жақында Айсәуле Бақытбек Қылмыстық кодекстегі "Зорлау" бабындағы жазаны күшейтуді талап етіп, өз басынан өткен қорқынышты жайтпен бөлісіп, құзырлы орган назарларын бұрып, мәлімдеме жасаған. Ол пойызда қыз зорлаған жолсеріктерге кесілген сот үкімімен келіспей, оған назарылық білдірген еді. Өз жазбасында Айсәуле өзін полиция қызметкерлері тоқтатып алып, көлігіне отырғызып, погондағы адамның қылмыңдағанын да айтқан.

"... Мен талдырмаш кіп-кішкентай қыз өз елімде погоны бар адамдардың жанында қорқып, дірлідеп отырдым, білесіз бе? Қайта мен өз-өзім үшін тұра алатын қызбын. Оларға өзімді басынуға оңайшылықпен жол бермейтінімді анық байқаттым. Олар шектен шыға бастаған кезде мен сол арада тұрып, шетелдегі жігітіме телефон соқтым. Онымен сөйлескен полиция қызметкері бірден өзгеріп сала берді. Түк болмағандай, кешірім сұрап, мені ақырын жолға салып жіберді", - дейді өз мәлімдемесінде Айсәуле.

Оқи отырыңыз: Айсәуле Бақытбек өзіне погондағы адамдардың тиіспек болғанын айтты


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер