Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алакөлді ластаған қонақүйге қандай жаза қолданылатыны жария болды

Алакөлді ластаған "Көктем гранд" қонақүйінің бассейнінен алынған сынамалар бірер күнде дайын болады. Құбырдан аққан су кәріс жүйесінің емес, бассейннің суы болып шықты.

Сурет : 24 kz5 Тамыз 2019, 15:33

Алакөлді ластаған қонақүйге айыппұл салынады, деп хабарлайды Хабар 24.

Алакөлді ластаған "Көктем гранд" қонақүйінің бассейнінен алынған сынамалар бірер күнде дайын болады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада әлеуметтік желі арқылы аталған қонақүй кешенінің құбырынан көлге лас су ағып жатқаны түсірілген бейнежазба таралып кеткен еді. Судан жағымсыз иіс шыққандықтан, бұл жағдай демалушылардың наразылығын туғызды. Сол күні экологтардан, аудандық әкімдік пен санэпидемстанция қызметкерлерінен комиссия құрылып, жұмыс істей бастады.

"Оның кәріз жүйесінен емес, демалыс орнының бассейнінен аққан су екені анықталды", - деді Ғалымұрат Жүкел.

– Оқиғаға байланысты Алакөлдің өзінен және демалыс орнының бассейнінен сынамалар алынды. Олардың нәтижелері ертең белгілі болады. Соған сәйкес, экологиялық заң нормалары бойынша шара қолданылатын болады, соның ішінде айыппұл да, - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Оқи отырыңыз: Алакөлге жаман су айдаған қонақүй мына дөкейдікі болып шықты


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер