Жаңалықтар тізбегі
0

Кісі өлтіргенін мойындаған алматылықтың ауылдасы өз шындығын айтты

sotreport.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2019 18:21 sotreport.kz
Кісі өлтіргенін мойындаған Нұрлан. М ол кезде 23 жаста, ал қаза болған қыз – Марина Ерғалиева 20 жаста болыпты.

48 жастағы Алматы тұрғыны шілде айында полицияға келіп, 25 жыл бұрын адам өлтіргенін мойындаған. Осы іске қатысты тың деректер жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Судебный репортаж" сайтына сілтеме жасап.

Кісі өлтіргенін мойындаған Нұрлан. М ол кезде 23 жаста, ал қаза болған қыз – Марина Ерғалиева 20 жаста болыпты. Қылмыс Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауылында орын алған. Айыбын мойындаушы көрсеткен жерден полиция шынымен де әйел адамның қаңқасын тапты. Бұл процеске сол бойжеткеннің қайынағасы Мақсұт Ерғалиев та қатысқан. Ол сол арада Нұрланды өлтіріп салғым келді дейді. Өйткені оның қолынан қаза тапқан бойжеткен кіші ағасының қалыңдығы болған екен. Ол жоғалып кеткен соң ағасы жас қалыңдығын шарқ ұрып іздеп, ешқашан үмітін үзбепті. Ақырында ол ішіп кетіпті. Сол беті қайта үйленбеген. Қазір ол жоқ дейді.

- Ол қыз кіші ағама үйленген. Өзіміз тойын өткізгенбіз. Маусым айында той болды, ал жас қалыңдық қыркүйекте жоғалып кетті. Екі айдан соң ғой. Олар үй сатып аламыз деп жүрген. Өйткені тойда 1,5 доллар сый тарту етілген. Ол Ақсайдан келе жатып, жерлесі Нұрланды (өлтірген адам) автобуста кездестіріп қалады ғой. Үй алғысы келіп жүргенін айтқан оған. Анау да үй сатқысы келіп жүргенін айтқан. Содан үйді көрсетемін деп оны Бөрілідегі үйіне алып барады. Содан тірі шықпаған ғой қыз.

Сонша уақыт өткен соң неге мойындап тұр? Ес кіргеннен дегенге мен сенбеймін. Оны жақсы білемін. Осы ауылдың жігіті ғой. Әбден ерке, есірік болған. Мүмкін ол бұдан да ауыр қылмысқа барған шығар. Содан соң бұрынғы айбымды мойындап, полицияға барсам мені ешкім іздемейді деп ойлайтын шығар. Ал өткен қылмысқа жаза аз кесіледі. 3-4 жыл ғана.

Маринаның анасы қазір Шөптікүл деген ауылда тұрады. Әбден қартайған. Әпкем барып, қызының сүйегі табылғанын айтты... Ал біздің ағамыз – Маринаның күйеуі 8 жыл бұрын көз жұмған. Ол Маринаны көп іздеді, ақыры ішіп кетті. Өйткені алғашқы махаббаты ғой, ұмыта алмады. Қызды 18 жасында өз келісімімен ұрлап әкелген. Одан кейін үйленбеді. Қандай жарасымды жұп еді! Екеуі де әдемі, екеуі де бейкүнә. Балалары да тамаша болушы еді, - дейді өкініштен кеудесі қақ айырылған Мақсұт Ерғалиев.

Кісі өлтіргенін мойындаған 48 жастағы ер адам уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының, 1-тармағы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Полиция табылған әйел сүйегін медициналық-сараптамадан өткізу үшін зерттеуге Ақтөбеге жіберді. Оның нәтижесі тамыздың соңында жария болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: