"Көшіп кеттік...". Өгей әкесінен жүкті болып қалған оқушы қыздың шешесі өз шындығын айтты
Өгей әкесінен жүкті болған кәмелетке толмаған қыздың анасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.
Портал тілшісіне берген сұқбатында әйел оның атынан біреу журналистерге SMS-хабарлама таратып, Facebook-те жалған аккаунт құрғанын айтты.
"Оның үстіне менің екінші күйеуім үлкен қызыма ұрысқаны рас, әлеуметтік желіде менің атымнан тараған жазбада келтірілген деректердің ішінде осыдан басқасының бәрі өтірік. Осыдан кейін менің бұрынғы күйеуімді полицияға шақырып, жауап алынды, ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйге қайтып келген. Ол кінәлі емес екенін айтқан, бірақ содан кейін ол асылып қайтыс болды. Осы жағдайдан соң мені қайын енем үш баламды алып қалып, үйден қуып жіберді. Екінші күйеуім үшеуінің де әкесі болады", - деді назалы ана.
Әлия (аты өзгертілген) жергілікті билік пен полиция араласқаннан кейін ғана ол балаларын қайтарып ала алған.
- Қазір мен қалада туыстарымның үйінде тұрамын. Таяуда Алматы облысы полиция департаменті басшысының орынбасарының қабылдауында болдым. Сөйтіп өз атымнан біреудің көпшіліктен көмек сұрап, желіде жазба жариялағаны туралы арыз жаздым. Шындығында менің не әкімдікке, не полицияға шағымым жоқ. Ең өкініштісі, бұл кісі менің осы трагедияға ешқандай қатысы жоқ кенже қызыммен түскен суретімді желіде жариялап жіберген. Осылай істеуге бола ма?! Оны суреттен танып, құрдастары мазақ етсе, не болады, - деп шағымданады әйел.
Полициядағылар әйелдің арыз түсіргенін растады.
Айта кетсек, алдында әлеуметтік желіде өгей әкесі зорлап, жүкті болып қалған мектеп оқушысы туралы жазба пайда болған. Алматы облысының полициясы бұл фактіні растап, оның 25 желтоқсанда Лепсі ауданында тіркелгенін хабарлаған.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында өгей әкесі зорлаған 8-сынып оқушысы жүкті болып қалған