Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: Кентауда модульдi мал сою бекетi iске қосылды

Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2019 19:58 Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шаруақожалықтың төрағасы мәлімдегендей, мұнда мал союға барлық дайындықтар жасалынған.

Түркістан облысы Кентау қаласында 2019 жылы жүзеге асырылатын басымды 50 жобаның бірі, қалаға қарасты Жүйнек ауылында модульді мал сою алаңы құрылды. Құны 11 млн. теңге тұратын бекет Алматы қаласынан әкелінген. Шаруақожалықтың атауы "НұрФархат".

Шаруақожалықтың төрағасы мәлімдегендей, мұнда мал союға барлық дайындықтар жасалынған. Бұл жерде мал дәрігері, екі қасап және лаборатория қызмет жасайды. Жалпы, 5 адам жұмыс істейді. Малды союға дейін анықтап, оның сау не ауру екенін тексеріп барып союға рұқсат беріледі. Сол кезде мал сою алаңына кіргізіледі.

Сонымен қатар, мал дәрігері әрбір келген малды тізімге алып, егесінінің аты-жөнін компьютерге енгізіп отырады. Бұл жоба қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отырғанын тілге тиек етті. Бекеттің ішінде арнайы сойылған малды сақтауға арналған тоңазытқыш бар. Тіпті мал сою алаңында, малдарын алдын ала әкеліп қоятын қора-жайға дейін жасалынған. Шаруақожалықтың айтуынша, 11 млн. теңгенің 5,5 млн. теңгесін мемлекет субсидияласа, қалғанын шаруашылықтың өзі өтеуі тиіс. Бұл мемлекеттің арнайы шаруаларды қолдауға арналған бағыты. Заманауи үлгідегі мал сою алаңы ірі қара малдарды есептегенде, күніне 30 шақты малды союға қауқарлы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2019 19:58, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2019 19:58, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2019 19:58

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: