Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде ядролық реактор жарылған ауыл халқы көшіріліп жатыр

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2019 17:02 pixabay.com
Ал ауылдан кетісі келмегендерге екі сағатқа, яғни сағат таңғы 05.00 мен 07.00 уақытында орманға бара тұруларын сұрапты.

Северодвинск қаласы маңындағы Ненокса ауылының тұрғындарына 14 тамызда 2 сағатқа ауылдан кете тұру сұралған. Пойыз адамдарды таңғы сағат 4.00-де әкетеді, деп жазды Росбалт, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал ауылдан кетісі келмегендерге екі сағатқа, яғни сағат таңғы 05.00 мен 07.00 уақытында орманға бара тұруларын сұрапты. Ал Северодвинск қаласы әкімдігінің басшысы әлі еңбек демалысынан оралмаған.

Айта кетсек, бұл ауылда өткен аптада шағын габаритті ядролық реактор сынақ кезінде жарылып кеткен.

Қандай да бір сынақ жасалу мүмкіндігі туралы ресми ақпарат жоқ.

Түнде Архангельскіден Мәскеуге 10 дәрігер ұшып кетті, олар "Ненокса" жаттығу полигонында жарылыстан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлер онкологиялық және биофизикалық аурулардың салдарын зерттейтін медициналық орталық орналасқан Щукинская метро станциясының маңында орналасты. Атап айтсақ, онда А.И. Бурназян атындағы федералды медициналық биофизикалық орталықтың клиникасы бар. Сол араға сынақ полигонында зардап шеккендер жеткізілген болатын.

Росатомның хабарлауынша, сынақ полигонында 5 қызметкер көз жұмып, 3 адам жараланған. Бірақ ядролық реактордың жарылуы туралы ақпаратты Ресей соңына дейін жасырын ұстады. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейде ядролық реактор жарылғанын желідегі парақшасында жазды. Тіпті, атына дейін атап, түсін түстеп берді. Енді халықаралық қауымдастық ауа-райы сапасына алаңдап отырғанын да жеткізген.

Оқи отырыңыз: "Жақсы емес...". Трамп Ресейдің жарылып кеткен зымыранына қатысты мәлімдеме жасады

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: