Жаңалықтар тізбегі
0

Белгілі заңгер жұманы түске дейін ғана жұмыс күні етуді ұсынды

Sputnik Абхазия, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2019 17:07 Sputnik Абхазия
Адамдар демалсын да. Жұма күні халық түске дейін ғана жұмыс істеп, түстен кейін отбасының шаруасымен айналыссын.

Қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейманов жұманы тек түске дейін ғана жұмыс күні етіп өзгертуді ұсынады.

– Мен көптен бері, соңғы 5-7 жыл бойы Қазақстанда жұмыс кестесін өзгертуге қол жеткізуге тырысып келемін. Қазір бізде бес күндік жұмыс кестесі. Оған өзі 150 жыл болды. Оны кезінде жұмысшылардың бар күшін пайдалану үшін Форд ойлап тапқан. Ал мен болсам, жұрт жұма күні түске дейін ғана жұмыс істесе деймін. Мынадай принцип бар – жұмысқа қанша уақыт берілсе, жұмыс сонша уақытта жасалады. Біреуге шұңқырды бес сағаттың ішінде қаз десең ол бес сағатта қазады, үш сағатта қаз десең – үш сағатта да қаза алады. Адамдар демалсын да. Жұма күні халық түске дейін ғана жұмыс істеп, түстен кейін отбасының шаруасымен айналысса деймін, сонда адамдар сенбі-жексенбі күндері толыққанды демала алады, – деді Сулейманов КазТАГ агенттігінің тілшісіне.


Оның пікірінше, қазір адамдардың жүма күндері кейде 18.00-ге дейін емес, 22.00-ге дейін жұмыста болатын кездері болады. Ондай адам толыққанды демалу мүмкіндігінен айырылады.

– Заң бойынша жұмыс уақыты сағат алтыға дейін болса да, кейде жұма күндері кешкі онға дейін жұмыста қалуға мәжбүрлейтіндер бар. Енді біреулерді сенбі күні жұмысқа шақыратындар бар. Адамдарға демалыс жетіспей жатыр. Тіпті демалыс көрмей, отбасымен бірге көп болмайтын адамдар бар. Халық қиналып кетті. Меніңше, осы жүйені енгізу қажет. Одан мемлекет ұтылмайды, одан тек ұтады, – деп түсіндірді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: