Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда бес жасар баланы өртеп жіберген

Ашық көздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2019 15:35 Ашық көздерден алынды
Алдымен, екі бала ойнап жүріп, үшіншісін өртеп жіберген деген әлеуметтік желіде дақпырт тарады.

Оралда бес жасар бала өртеніп кете жаздады. Оқыс оқиға қаланың Солтүстік-Шығыс ықшамауданындағы 19 үйдің ауласында орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Алдымен, екі бала ойнап жүріп, үшіншісін өртеп жіберген деген әлеуметтік желіде дақпырт тарады. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 20 тамызда 16:10 уақытында жедел жәрдемге осындай мәліметте шақырту түскенін растады.

- 2012 жылғы бала күікпен келіп түсті. Бір бала оның мәйкісіне от қойған. Күйіктің көлемі 3-6 процент. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызуды керек етпеді. Емханаға қаралып тұруға кеңес беріліп, ол бала үйіне жіберілді, , - деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Полицияның баспасөз қызметі де бұл мәліметті растады.

- Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, кінәлі адам табылды, жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Белгілісі, ер адам баланың үсті жанып жатқанын көріп, отты өшіріп, оның мәйкісін шешіп алуға көмектескен, - дейді БҚО полиция департаментіндегілер.

Оқи отырыңыз: "Үнсіз жылай береді...". Алматыда 12 жасар қызды шешесінің көңілдесі зорлаған

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: