Алматы облысында кәсіпкер серіктесін өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберген

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2025 22:59 Фото: Zakon.kz
Алматы облысындасеріктесін өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберген кәсіпкер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, жанып кеткен көлік пен ішіндегі мәйіт Қарасай ауданындағы демалыс орнының маңынан табылды. Оқиға орнында қазір отқа оранған көліктің бөлшектері ғана қалған. Полицейлер қылмыстық іс қозғап, көп ұзамай 43 жастағы күдіктіні ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Мәліметтерге қарағанда, екі ер адам ортақ кәсіптеріне байланысты жанжалдасып қалған. Жүк тасымалдаумен айналысатын серіктестер табысты бөлісе алмаған. Кейін күдікті құрдасын балғамен ұрып, іле-шала көлігімен қоса өртеп жіберіпті.

"Маған полиция ертең ерте, сағат 8-де лом алуға келді. Көлік жүк салғышының ішінде жатқан дейді. Жүк салғышын ашқан, ішінде... күйіп кеткен дейді".Алматы облысының тұрғыны Алмасбек Сарменбетов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: