Жамбыл облысында әйелінің несиеге алған көлігін өртеп жіберген ер адам сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2025 19:37 Фото: freepik
Жамбыл облысында жанжалдасып, азаматтық некедегі әйелінің несиеге алған көлігін өртеп жіберген ер адамның бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл аудандық сотының мәліметінше, сотталушы А. және оның азаматтық некедегі әйелі И. бастапқы жарнасы 800 мың теңге болатын 4 млн теңгенің BMW530i автокөлігін несиеге сатып алған. Жәбірленуші И жүргізуші куәлігі болмағандықтан, аталған көлікті сақтандыру полисі бойынша өзінің азаматтық жұбайы А.-ға уақытша берген.

"2025 жылдың наурыз айының соңында ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, салдарынан ер адам  ашуланып, зайыбының көлігін қасақана жою туралы ой туындайды. Ары қарай ол 5 литр бензин сатып алып, көлікпен ашық алаңға шығып, бензинді автомобильдің салонына, содан кейін қозғалтқыштың сыртқы бөліктеріне құйып, өртеп жіберген. Салдарынан жәбірленушіге ірі мөлшерде (4,4 млн теңге) залал келтірілді", делінген Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі хабарламасында.

Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындады.

Сот үкімімен сотталушы А. ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігінің 1,5-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Бұған дейін мас күйінде көлік жүргізген Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері жазаланғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: