Мас күйінде көлік жүргізген Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері жазаланды

Дәрігер, мас, көлік, Қостанай облыстық ауруханасы, бас дәрігер , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2025 19:21 Сурет: freepik
Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Алау" басылымы Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазады.

"Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігеріне қатысты мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік қамауға алу түрінде шешім шығарылды". Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Ведомство бұл оқиғаның 22 маусымға қараған түні дәрігердің демалыс кезеңінде болғанын нақтылады.

"Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы бұл оқиғаны кәсіби қызметке байланысты емес, азаматтың жеке мінез-құлық нормаларын бұзуы деп санайды. Қызметкермен профилактикалық әңгіме жүргізілетін болады. Оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады". Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Сондай-ақ құзырлы ведомство әрбір азамат атқаратын лауазымына қарамастан жеке жауапкершілікке ие екенін және заң алдында барлығы тең екенін де нақтылады.

ҚР Ішкі істер министрлігі 2025 жылғы 11 маусымда "мас" жүргізушілер талабына қатысты үндеу жасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: