Көп мөлшерде қымыз ішіп, көлік тізгіндеген ЖСО палатасы басшысы қамауға алынды
Фото: Zakon.kz
Павлодар облыстық жеке сот орындаушылары (ЖСО) палатасының басшысы Даурен Исабеков мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 21 ақпан күні таңғы сағат 05:00 шамасында Hyundai Santa Fe автокөлігін басқарып келе жатқанда тоқтатылған. Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталған.
Ол кінәсін мойындап, көп мөлшерде қымыз ішкенін айтқан.
"Даурен Исабеков Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Нәтижесінде, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды",- делінген Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сот шешімінде.
Бұған дейін Жаңаөзенде өндірістік құбырларды ұрлау дерегі бойынша күдіктілер құрықталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript