Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда автомеханик жөндеуге берген тұрғынның көлігін сатып жіберген

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 23:03 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда автомеханик өзге адамның көлігін сатып жіберген, ал иесі оны екі жыл бұрын несиеге алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тереңкөл ауданының тұрғыны Lexus GS 300-ді 5,1 миллион теңгеге алған. Сатып алған соң алты айдан кейін ер адам көлігін бұзып алып, облыс орталығындағы жөндеу орталығына берген. Автомеханик жұмыс пен қосалқы бөлшектерді 220 мың теңгеге бағалаған.

Кейін автомеханик автокөлікті жөндеу жұмыстары бірнеше айға созылатынын жеткізген. Көлік иесі жұмысшыға сеніп, тапсырған. Ағымдағы жылдың қаңтар айында механик көлік иесіне келіп, автотұрақ ақысын төлеуді сұраған. Ал автотұрақ ақысы – 50 мың теңге. Кейін жұмысшы ұшты - күйлі жоғалған. Көлік иесі машинаның жоқ екенін біліп, полицияға жүгінген, деп жазды pavlodarnews.kz.

Осы уақыт ішінде механик көлікті бөлшектерге сатылатыны жайлы хабарландыру беріп, 500 мың теңгеге сатып жіберген. 

Сот ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы үшінші бөлігінің бірінші тармағы – "Ұрлық" бойынша автомеханикті кінәлі деп таныды. Ер адамның бас бостандығына үш жыл алты айға шектеу қойылды.

Lexus иесіне қайтарылды. Одан алынған және сатылған шанақ бөлшектері 2,7 миллион теңгеге бағаланды. Бұл сома сотталушыдан алынады. Сондай-ақ, автомеханик 300 мың теңге өкілдік шығындарды төлеуге тиіс.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: