Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенаттағы комитетті басқаратын болды

Ашық дерек көздерден алынды Ашық дерек көздерден алынды
Ол Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетін басқаратын болды.

ҚР Парламенті Сенатындағы комитеттердің төрағалары сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенатор Владимир Волков Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеттің төрағасы болып сайланды.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетті Мұхтар Құл-Мұхаммед басқаратын болды. Ол сенатқа осы жылдың 12 тамызында қайта сайланған.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитеттің басшылығына Серік Жақсыбеков келді.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитеттің тізгінін Мұрат Бақтиярұлы ұстады.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз