"Ауыл" партиясының басшысы Сенаттағы комитеттің бірін басқаратын болды
neonomad.kz
Ол Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақты дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы болып сайланды.
"Ауыл" халықтық-патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев Сенаттағы комитеттердің бірінің тізгінін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақты дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы болып сайланды.
Бұрынғы Президент сайлауы кезінде үміткер болған Әли Бектаев 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ ауылшаруашылық институтын бітірді, инженер-механик, Алматы Саясаттану және басқару институтын тәмамдап, саясаттанушы мамандығын алған.
Еңбек жолын совхоздың бас инженері болып бастаған. Кейін ауыл, аудан, қала, облыс басқарып, бір жылдары депутат болып та сайланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript