Жаңалықтар тізбегі
0

Шоуқұмар шошақайлар "екі жеп, биге шықса"...

instagram.com / m_besbaev, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2019 16:20 instagram.com / m_besbaev
Мейрамбек келіспегенде бұл ұсыныс бәрібір басқа біреуге жасалар еді.

Өз басым "бәрібір біреуден" гөрі Мейрамбектің барғанын жөн санадым, деп жазады журналист Сәкен Сыбанбай Мейрамбек Беспаевтың Алматы қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып сайланғанына байланысты.

Мейрамбектің Алматы қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалуын әркім әрқалай қабылдапты. Инстаграмда құттықтау басымырақ болса, фейсбукте "Мұны қалай түсінеміз?" сыңайындағы сын-пікірлер де айтылып жатыр.

- Меніңше, әкім әншіден қаланың саяси-экономикалық, қоғамдық-әлеуметтік шаруашылығына қатысты кеңес сұрайын деп отырған жоқ. Мейрамбектің саласы - мәдениет, өнер. Ол бұл саланың ішкі-сыртқы мүң-мұқтажын, бүкіл проблемасын өте жақсы біледі. Өзі қазақы жігіт, ұлттық ұстанымы айқын, әр нәрсеге өзіндік көзқарасы бар азамат. Арзан шоудың соңында жүрген көп әншінің бірі емес. Кейінгі жылдары қазақтың ұлттық өнерінен гөрі, шоуқұмар шошақайлардың "екі жеп, биге шығып" кеткені оның да жанын ауыртпас, көкейін теспес деп ойламаймын. Сағынтаев ақыры ақылдасады екен, өнер мен мәдениеттің мәселесін оған Мейрамбектей жеткізіп айтып, нықтап көрсете алатын адам кемде-кем шығар, - дейді ол.

Оның ойынша, Мейрамбек - қала әкімінің штаттан тыс кеңесшісі ғана. Мейрамбек келіспегенде бұл ұсыныс бәрібір басқа біреуге жасалар еді. Ал қазаққа "басқа біреуден" гөрі Мейрамбек дұрыс.

- Мәдениетімізді "репетицияны тренировкамен шатастыратын" Әшляев та басқарғанын ұмытып үлгерген болармыз, бірақ сөйлеген сайын аузынан "афоризм" төгілетін Арыстанбек-шешеннің де алты жыл отырып, кеше әрең кеткені есімізде ғой! Соларға да төзіп келіп, енді Мейрамбектің кішкене ғана қызметін көре қалғанымыз ба? Ол - өнердің өз ортасынан суырылып шыққан талант қой, қолынан келгенінше әрекет етсін. Оның үстіне республика емес, қала әкімінің штаттан тыс кеңесшісі ғана. Мейрамбек мақұл демегенде, осы ұсыныс бәрібір біреуге жасалар еді ғой. Өз басым "бәрібір біреуден" гөрі Мейрамбектің барғанын жөн санадым. Жұмысына сәттілік тілеймін, - деп аяқтайды журналист өз жазбасын.

Ал енді бір пікір айтушылардың ойынша, "тойын тойлап жүрген адамнан ақыл аламын деу - абсурд" екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: