Қазақстандық жас әнші көптің жынына тиетін бейнебаян жариялады
видеодан алынды
"Екеумізге бәрібір" деп аталатын әннің бейнебаяны қазақ қоғамында жиі қарсылыққа ұшырайтын басқа ұлтқа тұрмысқа шығу немесе біржынысты жұп дегендерді қолдап кеткен.
The kitchen songs деген атпен танымал жас әнші Азамат Сыздықовтың жарық көрген жаңа бейнебаяны қоғамның наразылығын туғызды.
Өйткені "Екеумізге бәрібір" деп аталатын ән бейнебаян қазақ қоғамында жиі қарсылыққа ұшырайтын басқа ұлтқа тұрмысқа шығу немесе біржынысты жұп дегендерді қолдап кеткен. Бейнебаян Instagram-дағы Thekitchensongs парақшасында жарияланды. Оған қарасақ, бұл туынды Гәкку телеарнасында жақында жарық көріп қалатын сияқты.
"Менің айтайын дегенімді Иден Маккояның мына бір сөзі жақсы жеткізе алады. "Махаббатың формасы, түрі әрқилы. Бастысы соның бәрі өзінше ерекше. Мынау нағыз махаббат, мынау нағыз емес деп айтуға ешкімнің қақысы жоқ. Оған тек өздеріңіз ғана баға бере аласыздар, өз өміріңіздегі қарым-қатынастарға сүйене отырып" деп жазыпты Азамат Сыздықов Instagram-дағы парақшасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript