Алматы-1 станциясы бастығы Құлжабаева пара үшін сотталды

zakon.kz zakon.kz
Сот Құлжабаеваға бірнеше рет пара алғаны үшін 17 832 500 теңге айыппұл салды.

"ҚТЖ Жүк тасымалы" АҚ "Алматы-1" станциясының бастығы пара алды деп айыпталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген тергеу "ҚТЖ Жүк тасымалы" АҚ-ның "Алматы-1" станциясының бастығы Т.С.Құлжабаеваның делдалдар арқылы коммерциялық кәсіпорындар өкілдерінен кедергісіз тексеру және бос контейнерлерді меншік иесі ҚХР еліне қайтарғаны үшін жүйелі түрде пара алып келгенін анықтады.

2019 жылғы 4 қыркүйекте Алматы қаласының №2 Медеу аудандық соты бірнеше рет пара алғаны үшін Құлжабаеваны мемлекеттік лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырып, 17 832 500 теңге айыппұл салды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз