Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2019 22:56 Ақорда
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапары кезінде бұл мәселені жоғары деңгейдегі кездесуде көтерді.

ҚР Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов Қытай түрмесінде отырған отандасымыз Ақжарқынның анасынан Мемлекет басшысына жазған хатына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ол хат өз уақытында біздің қолымызға тиді. Ол хат туралы Қытайға жолға шығып, ұшаққа мінгелі жатқанда Қасым-Жомарт Кемелұлына егжей-тегжейлі баяндадым. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапары кезінде бұл мәселені жоғары деңгейдегі кездесуде көтерді", - деді ол.

Оның айтуынша, ендігі мәселе Сыртқы істер министрлігі бағыты бойынша талқыланатын болады.

- Сыртқы істер министрлігі бұл мәселенің оң шешімін табуы үшін бар күш-жігерін салатын болады, – деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов.

Айта кетсек, Қытайда әуе-жайда ұсталған Қазақстан азаматы Аржарқын Тұрлыбайға "заңсыз есірткі тасымалды" деген айып тағылған. Ақжарқын өзіне тағылған бұл айыпты мойындамайды. Адвокаттар соттың үкіміне шағымданып, қайта арызданған. Аржарқынның шешесі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, қызына араша сұраған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: