Жаңалықтар тізбегі
0

Татарстанда Асқар Мамин Дмитрий Медведевпен кездесті

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2019 17:47 primeminister.kz
Тараптар биыл сәуір айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру барысын талқылады.

Татарстанда Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті. Екі елдің Премьер-Министрлері Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин негізін салып, дамытқан стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тараптар биыл сәуір айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру барысын талқылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2019 17:47

Үкіметаралық келіcсөздер сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі арттыруға, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арналды. Кездесуде сонымен қатар шекара маңы және интеграциялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.

Ресей — Қазақстанның басты сауда серіктесі. Өткен жылы екі жақты сауда көлемі 13 процентке артып, 18,5 млрд долларға жетті. 2019 жылғы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша тауар айналымы 8,8 млрд долларды құрады.

"Жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту, біздің бизнес-қауымдастықтар арасында тікелей байланыс орнату, сондай-ақ, үшінші елдер нарықтарына тауарларды ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажет", — деген Асқар Мамин, ресейлік нарыққа 60-тан астам позиция бойынша қазақстандық тауарларды жеткізудің жоғары әлеуетін атап өтті.

Қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың басты бағыттарының бірі — өнеркәсіптік кооперация.

Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Татарстанның алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік кәсіпорындарын, атап айтқанда, "КАМАЗ" ЖАҚ-ты аралады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2019 17:47

ҚР және РФ-тің өнеркәсіптік кооперация саласындағы Бірлескен іс-қимыл бағдарламасы аясында "Агромашхолдинг KZ" қазақстандық компаниясы мен "КАМАЗ" бірлесіп бірқатар жобаларды жүзеге асыруда, оның ішінде жүк автомобильдерінің белдіктерінің редукторларын және арнайы техника өндіретін зауыт құрылысы бар.

Бұған қоса, Асқар Мамин "Татнефть" компаниялар тобына кіретін "Танеко" мұнай өңдеу зауытына барды. Татарстан астанасында ҚР Үкіметінің басшысы Қазан тікұшақ зауытында болып, "Химград" технополисін аралады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2019 17:47

Қазанда Асқар Мамин "Wildberries" жетекші ресейлік халықаралық интернет дүкенінің бас директоры Татьяна Бакальчукпен кездесу өткізді, онда компанияның Қазақстанда сауда-логистикалық орталықтарды салу және бизнесті кеңейту жөніндегі жоспарлары талқыланды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен «Wildberries» компаниясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ, АХҚО қатысушысы ретінде "Wildberries" тіркелу туралы сертификат берілді.

Жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен бірге "WORLDSKILLS KAZAN 2019" чемпионатының ашылу салтанатына қатысты. Чемпионат қарсаңында Асқар Мамин WorldSkills стандарттары бойынша кәсіби шеберліктен Қазақстанның ұлттық құрамасымен кездесіп, оларға жарыстарда сәттілік тіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2019 17:47

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: