Асхат Ділмұхамедов Токио олимпиадасына жолдама алды

olympic.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2019 23:08 olympic.kz
Асхат Ділмұхамедов 1986 жылы 26 шілдеде дүниеге келген.

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Асхат Ділмұхамедов Олимпиада жолдамасын иеленді.

Грек-рим күресінен 77 келіде белдесетін ол әлемдік сынның жартылай финалына өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

Ширек финалда Асхат Ділмұхамедов сербиялық балуанды Виктор Немешті 4:3 есебімен жеңіп, өз жеріміздегі әлем біріншілігінің жартылай финалына өтті.

Грек-рим күресінің ережесі бойынша лицензиялық әлем чемпионатында 1-ден 6-ші орынға дейінгі аралықта орын алған балуандар Олимпиада жолдамасына ие болады. Осылайша, Асхат Ділмұхамедов Токио Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді.

Асхат Ділмұхамедов 1986 жылы 26 шілдеде дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Азия чемпионы және Азия чемпионаттарының қола жүлдегері. Бүгін іріктеу айналымында Асхат Ділмұхамедов екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Еуропа чемпионы Роман Власовты жеңген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: