Тамбурда темекі тартқан әйел пойыздан құлады

zakon.kz zakon.kz
Пойыз Сары-Шаған станциясына келгенде әйел жедел жәрдеммен Приозерск орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Әйелдің пойыздан құлап кетуі дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- 20 қыркүйекте сағат 05:00-де Шу станциясындағы полиция бөліміне «Алматы-Қостанай» пойызында болған 31 жастағы әйелдің "Шығанақ-Мың-Арал" жолының 1328 шақырымында вагонның тамбуры есігінен құлап түскені туралы хабарлама келіп түсті. Нәтижесінде әйел түрлі жарақаттар алған. Пойыз Сары-Шаған станциясына жеткен кезде жедел жәрдем көлігімен әйел Приозерск қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігімен (теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді. Тергеу жүргізілуде.

Zakon.kz редакциясына оқиға орнынан түсірілген суреттер жолданды. Суреттермен бірге, әйелдің жолсерік екені және оның тамбурға темекі шегуге шығып, содан құлап кеткені айтылады.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз