Шетелдік инвестор Қазақстанда өзін қалай "ит қылғанын" айтып берді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Агенттік атап өткендей, 1 миллион долларға жуық айыппұл төлемі компанияны банкротқа ұшыратуы мүмкін еді, осылайша Ақтөбе облысында 240 жұмыс орны жабылып, мемлекеттік бюджетке түсетін жыл сайынғы кіріс 480 миллион теңгеге азаюы мүмкін еді.

Қожайыны шетелдік шаруа қожалығын кеденшілерден қорғауға тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік атап өткендей, ел экономикасын дамыту үшін Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту, әсіресе ауылшаруашылығы саласына, бұл ұлттық маңызды міндеттің бірі болып табылады.

Голландиялық компания Ақтөбе облысында бесінші буын жылыжай технологияларын қолдана отырып көкөністер өсіреді.

Қазақстандық БАҚ-қа берген сұхбатында бұл шаруа қожалығының бас директоры жылыжайды салу үшін рұқсат алудың өзіне 100 000 евро (500 миллион теңге) жұмсағанын айтқан. Инвестор шетелден түрлі құрал-жабдықтар әкелген осында, содан кеден органдары жоспардан тыс тексеру ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған. Жабдықтарды құжатта дұрыс жіктеп, көрсетпегені деген желеумен кеденшілер компанияға қосымша 350 миллион теңге баж салығын салады. Компания өкілдері бұл сома қайдан алынды десе, ресми органдағылар оларға ештеңе маңдытып айта алмаған. Содан өз құқықтарын қорғау үшін инвесторлар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Protecting business and investments жобалық кеңсесінің көмегіне жүгінді.

Агенттік атап өткендей, 1 миллион долларға жуық айыппұл төлемі компанияны банкротқа ұшыратуы мүмкін еді, осылайша Ақтөбе облысында 240 жұмыс орны жабылып, мемлекеттік бюджетке түсетін жыл сайынғы кіріс 480 миллион теңгеге азаюы мүмкін еді.

- Тексеру нәтижелері бойынша бұл кәсіпорынға құжаттарды толтыру кезінде жіберген қатесі үшін деп 350 миллион теңгеден астам кедендік баж төлемін төлеу туралы қағаз келгені анықталды. Бұл компания мен Инвестициялар комитеті арасында инвестициялық келісімшарты барына қарамастан осындай жағдайға жол берілген. Ал ол келісімшартқа сәйкес, кедендік баж салығынан босату түріндегі инвестициялық преференциялар қарастырылған, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдола.

Инвестор мен кеден қызметкерлері арасындағы бұл дауды ҚР Қаржы министрлігінің апелляциялық комиссиясы қарады. Сөйтіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуының арқасында шаруа қожалығына салынған айыппұл түрінде салынған баж төлемінің күші жойылды.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз