Жак Ширак қайтыс болды

ВладТайм ВладТайм
Жак Ширак Францияны 1995 жылдан бастап 2007 жылға дейін басқарды.

Францияның экс-президенті Жак Ширак қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы оның отбасы хабарлады. Ол 86 жаста еді.

Жак Ширак Францияны 1995 жылдан бастап 2007 жылға дейін басқарды. Президент тағынан түскен соң Франция Конституциялық Кеңесінің өмір бойғы мүшесі болды. Ширактың денсаулығының нашарлауы президент болып тұрған тұсында-ақ байқалды, ол 2005 жылы инсульт алған.

2011 жылы Париждің Түзету соты бұрынғы президент Жак Ширакты Париж мэриясында жалған жұмыс орындарын құрған деп айыптап, шартты түрде екі жылға соттаған. Сот шешіміне сай, ол "мемлекеттік қаражатты жымқыру", "өзіне көрсетілген сенімді асыра пайдалану" және "пайда табу мақсатында өкілеттіктерін асыра пайдалану" баптарымен айыпты деп танылды.

Ол Түзету сотымен сотталған елдің алғашқы экс-президенті болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз