Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы қызметінен кетті

Today.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2018 22:23 Today.kz
Байкенов 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы жергілікті полиция қызметін басқарды.

Алматыда жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берілген рапортқа сәйкес, Алматы жергілікті полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов қызметінен босатылды.

Байкенов ішкі істер органдарында 2004 жылдан бастап жұмыс істей бастады, еңбек жолын Алмалы полиция бөлімшесі инспекторының көмекшісі болып бастаған. 2007 жылы түрлі ішкі істер басқармаларында басшылық қызмет атқарды, ішкі істер басқармасында басшының орынбасары, Метрополитен мен Алматы ауданы, Түрксіб ауданының ішкі істер бөлімінде, Алматы ІІД әкімшілік полициясы басқармасында жұмыс істеді. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы жергілікті полиция қызметін басқарды.

Жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы міндетіне учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік полиция мен қоғамдық тәртіпті қадағалау және қала көшелеріндегі қылмыстың алдын алуға жауапты басқа да бөлімдердің жұмысын қадағалау кіреді.

Бұдан бөлек, Алматы ІІД хабарлағандай, Алмалы ауданды ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі басшысы да лауазымынан айырылған екен. Серік Қумабеков қызметіндегі ағаттығы үшін жұмыстан шығарылыпты. Ол 2017 жылдың сәуір айынан бастап басшылық қызмет атқарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: