Атырау облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Тұрғымбаевтың кеңесшісі болды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2019 17:33 zakon.kz
Ол 2016 жылдың тамыз айынан бастап ҚР ІІМ кадрлар резервінде тұр.

Арман Жалмұханбетов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Арман Кеңесұлы Жалмұханбетов 1961 жылы 8 маусымда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген, полиция генерал-майоры.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2019 17:33

КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебінің түлегі.

Еңбек жолын Қарағанды ҚІІБ-нің №223 бөлімшесінде пост қызметінен бастаған. Алматы қаласының Мәскеу, Әуезов, Калинин аудандық милиция бөлімшелерінің жедел қызметтерінде еңбек еткен.

Әр жылдары ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі орталық басқармаға, Астана ҚІІБ-на, ІІМ әскери-тергеу департаментіне, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының ІІД-не басшылық еткен. 2012 жылдың тамыз айынан бастап Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы болған.

2016 жылдың тамыз айынан бастап ҚР ІІМ кадрлар резервінде тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: