ІІМ бұрынғы орынбасары Көліктегі полиция департаментінің басшысы болды

2024 жылғы 6 желтоқсан күні ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство дерегінше, Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен көліктегі полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев тағайындалды.
Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырып, департаменттің теміржол және авиациялық көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.
"Айдос Рысбаевтың басшылық қызметте тәжірибесі бар. Бұған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған",- делінген хабарламада.
Айдос Рысбаев 1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған.
Еңбек жолы:
- 1998 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы ІІБ криминалдық полициясында қызмет атқарды
- 2005 жылдан 2016 жылға дейін Астана қаласының полиция департаментінде түрлі басшылық лауазымдарда болды
- 2019-2022 жылдары Нұрсұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары
- 2022 жылдан ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы
- 2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Бұған дейін Талғар аудандық полиция басқармасы бастығының м. а. тағайындалғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript