Жаңалықтар тізбегі
0

Дінге қайшы. "Ринго" тобының әншісі сахнадан кететінін жариялады

Youtube, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2019 23:14 Youtube
- Енді арасында сахнада бір төбе көрсетіп қалуым мүмкін. Онда да коммерциялық мақсатта емес, іште жиналып қалған дүниені сыртқа шығару үшін, өзімді қинамас үшін - Батыр Байназаров.

"Ринго" тобының әншісі Батыр Байназаров діни ұстанымына байланысты бұл топтан шығатынын мәлімдеді. Сонымен қатар әнші өзінің жұбайы Әселді де сахнаға шығарғысы келмейді. Бұл туралы әнші "Если честно" бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сұқбат кезінде әнші өзінің топтан кету себебін әріден бастап, дінге қатысты жерін барынша жасырып қалуға тырысты.

"Біз топ болып құрылғаннан кейін өз мақсатымыз бен мүддеміз болды. Бұл жауапкершілікті барлығымыз бірдей сезіндік. Егер осы 15 жыл ішінде топтан жырақтап неге кетпеуімнің себебін сұрасаңыз, оның мәнісі осында. Яғни, қазір бұл топ алға қойған бірнеше мақсатты еңсерді, өсті дегендей. Енді менің жекеге кетуіме әбден болады. Қазір ондағылардың әрқайсысының өз алдына айналысатын жобасы да бар. Мысалы, Даниктің "Сарын" деген жобасы бар, ол оны қатты жақсы көреді. Аянаның жеке кәсібі бар. Әділ ән жазып, бейнебаян түсірумен шұғылданады. Жалпы, мен 34 жастамын қазір. Осы жасқа келгенімде мен алғаш рет өзім туралы ойладым. Сол себепті топтан кету туралы шешім қабылдадым", - дейді ол.

- Діннің қатысы бар деген рас па, дінге қайшы депсің ғой?

- Менің топтан кетуіме діни ұстанымымның әсері бар. Ислам туралы сөз қозғау үшін, ең құрымағанда исламның негізі туралы білімің болуы керек. Маған бұл тақырыпта сөйлеу қиындау деп тұрғаным содан...

- Сонда Алла тағала өзі сыйлаған қабілеттен бас тарт деп сені сынап тұр деп санайсың ба?

- Иә, тура солай ойлаймын. Сол үшін топтан кеттім. Бұл үлкен ғылым ғой, оны айтатын болсақ, қазір сөзіміз жетпейді, ал оны тыңдап отырған адамдар әртүрлі түсініп алуы мүмкін. Сондықтан осы тақырып талқысын осымен доғарсақ.

- Әсел (баламен үйде отыр) – әйеліңіз сахнаға орала ма?

- Сол жағы қиын болып жатыр. Осы әңгіме қазір көтеріліп жатыр үйде, қатты қиналып жүрмін.

- Енді Әсел діни адам емес қой...

- Есесіне, мен діндар адаммын. Оның күйеуімін ғой... Әрине, бірден сахнадан жұлып алуға болмайды, шығармашылық адамы ретінде ол жағын да жақсы түсінемін. Мүмкін, отбасылық секілді бірдеме ұйымдастырып көреміз. Мен сахнаға шығатын отбасылық жұптарды сынамаймын, оларды жақсы көремін. Бірақ осылай сахнаға шығу өз басым тұрғысында қаламаймын.

- Демек, сахнадан түбегейлі кетпейсің ғой...

- Шынымды айтсам, сахнадан кету керек. Бұл - соңғы мақсат. Ал алғашқы мақсат - топтан кету. Қазір соны жасап жатырмын. Ұзақ жылдар айналысқан дүниеден бірден қол үзіп кету адамға қиын ғой. Сондықтан азайтып-азайтып барып кетсем деген бір ой бар менде. Менің бірінші қадамым жасалды. Яғни "Ринго" тобынан кеттім. Енді арасында сахнада бір төбе көрсетіп қалуым мүмкін. Онда да коммерциялық мақсатта емес, іште жиналып қалған дүниені сыртқа шығару үшін, өзімді қинамас үшін, - дейді Батыр Байназаров.

Оқи отырыңыз: "Тіміскіленіп...". Динара Сәтжан Жанар Хамитованың қазасына қатысты пікір білдірді

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: