Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановпен түскен суретін жариялады

Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановпен түскен суретін жариялады , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 13:30 Сурет: ru.dimashnews.com
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген аты аңызға айналған ақын, драматург, қоғам қайраткері және халық жазушысы Мұхтар Шахановты еске алып, онымен бірге түскен фотосуретін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 жастағы Қазақстанның Халық әртісі суретті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Әншінің әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері ұлы ақынды еске алып, жылы сөздерін қалдырды.

  • Шаханов тек қазақ халқыны емес, Түркі ұрпағына еңбек еткен қайталанбас тұрға. Мәңгі есте, ізі өшпейді...
  • Өткен заман мен жаңа заманның аңыз адамдар
  • Түрік ғұламасы Жәлаладдин Руми: " Жақсы адамның, ұлы адамның, қабірін жердің бетінен іздемеңдер, ол өзінің туған халқының жү­­регіне жерленеді", деген екен. Ал атамыз Қазақта "Жақсының аты өл­мейді, ғалымның хаты өлмейді" деген сөздер бар. Осын­дай аты да өлмейтін, хаты да өшпейтін жақ­сы­лардың бірі марқұм Мұхтар Шаханов Атамыз еді.
  • Мұхтар Атамыз ұлт руханияты мен қазақ әдебиетіне үлкен үлес қосты. Атамыздың жаны жәннатта болсын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Атамыздың жарқын бейнесі, өнегелі өлеңдері, шығармалары, ұлағатты сөздері жүрегімізде, жадымызда мәңгі сақталады.
  • Димаш Мұхтар Шаханов ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, ақ батасын алып, бірге суретке түскені – жай ғана кездесу емес, рухани сабақтастықтың белгісі еді. Қазақтың сөзін, қазақтың намысын өміріне ту еткен қарт ақын мен қазақтың үнін әлемге танытып, абыройын асқақтатып жүрген жас дарынның жүздесуі – тұтас ұлттың жүрегін толқытқан сәт болды.Мұхтар Шаханов – халқының мұңын жырлап, ұлтының намысын қорғап өткен үлкен тұлға. Ал Димаш – сол қазақтың рухын әнімен әлемге жеткізіп жүрген, Қазақ халқының абыройы, мақтанышы. Екеуін тоғыстырған нәрсе – атақ емес, қазаққа деген шексіз махаббат. Қазақ деп соққан екі жүректің кездесуі – уақыт өтсе де қадірін жоғалтпайтын ерекше сәт.

Еске салсақ, Мұхтар Шаханов 2026 жылғы 19 сәуірде 83 жасында өмірден өтті. Оның қазасына байланысты Қазақстан Президенті, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров көңіл айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: