Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен бірге түскен суретін жариялады

Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен бірге түскен суретін жариялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2024 15:08 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Бүгін, 2024 жылдың 4 шілдесінде Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытай Төреағасымен кездесуден түскен суретті жариялап, Астанада маңызды қонақтардың алдында өнер көрсеткені туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Достар! Кеше мен көршілес елдер – Қытай мен Қазақстан басшыларының алдында өнер көрсеттім. Аспан асты елінің әрбір тұрғыны үшін маңызды болып табылатын "Жасмин гүлі" әнін қытай тілінде орындадым. Си Цзиньпин мырзаға менің шығармашылығыма әрдайым ықылас білдіріп, құрметпен қарайтыны үшін алғыс айтамын". Димаш Құдайберген

Комментаторлар құттықтауларын жаудырды:

  • Біз сені мақтан тұтамыз, Димаш!
  • Жарайсың, Димаш! Алға Қазақстан!
  • Қос қолдап қазақша амандасып тұрған түрінен!
  • Өте қуаныштымыз,Димашжан! Ел мен елдің арасында алтын көпір,дәнекер болып жүрген Алтын баламыз жасасын!!!
  • Қазақстан мен Қытай арасын байланыстыра білетін алтын көпір болуыңызға тілекшіміз!

Естеріңізге сала кетейік, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен 2024 жылдың 2 шілдесінде келген болатын. Оны әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: