Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі қашан және қайда өтеді

Мұхтар Шаханов, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2026 17:12 Сурет: adebiportal.kz/Әйгерім Бегімбет
Қазақстан Жазушылар одағы қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімінің қашан өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған мәліметке сәйкес, Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі 2026 жылғы 21 сәуір, сейсенбі күні сағат 09:00-де Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.

Ақын Мұхтар Шаханов 2026 жылғы 19 сәуірде 84 жасына қараған шағында дүние салды. 20 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаев Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: