Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Күйеуі бензин құйып өртеген әйел қашып, аялдамаға келіп құлаған

Дәм-тұзы таусылмаған келіншек отты өзі сөндіріп, халыққа қызмет көрсету орталығының автобус аялдамасына сүйретіліп әрең жеткен.

Сурет : 35media.ru8 Қазан 2019, 09:18

Елордада 43 жастағы отағасы әйелін қаланың шетіндегі адам аз жүретін жерге апарып, үстіне бензин шашыпты. Ер адамның қылмысқа баруына отбасылық жанжал себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"От қойғаннан соң күйеуі келіншегінің өртеніп жатқанын қарап тұрған. Жалын лаулай бастағанда әйелін қамыстың ортасына тастап ізін суытпақ болыпты. Алайда дәм-тұзы таусылмаған келіншек отты өзі сөндіріп, халыққа қызмет көрсету орталығының автобус аялдамасына сүйретіліп әрең жеткен. Зардап шеккен келіншекті көрген жолаушылар дереу жедел жәрдем шақырды. Денесінің 75 пайызын күйік шалған 38 жастағы әйелдің жағдайы ауыр. Ол бас қаладағы ауруханалардың бірінде хәл үстінде жатыр" - дейді телеарна тілшісі.

Софья Қылышбекова, Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз хатшысы:

"Кісі өлтіруге ұмтылу" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергептексеру жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті анықталып, қазір уақытша қамау изоляторында отыр.

Татьяна Лебига, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының дәрігері:

- Ол есін біледі, естиді. Бірақ жағдайын бағамдай алмайды. Әйел жасанды аппаратпен тыныстап жатыр.

Оқи отырыңыз: Күйеуі өртеп жіберген әйелдің тізеден төменгі жағы ғана сау қалған

Тағы да: Нұр-Сұлтанда бір еркек әйелін далаға апарып, өртеп жіберді

Бұл да бар: Ашынған бір еркек әйелінің көңілдесінен көп ақша өндіріп алды


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер