Алматыдағы арнайы ХҚКО қызметкерлері 18 жүк көлігін заңсыз тіркеді: 164 млн теңге шығын келтірілді

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 15:27 Фото: Zakon.kz
Алматыдағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркеу фактісі бойынша сотталды.

Қалалық прокуратура 26 наурыз 2026 жылы іс бойынша толық мәлімет берді.

"Тергеу барысында 2023 жылы бес қызметкер жалған құжаттар арқылы 18 жүк көлігін заңсыз тіркегені анықталды. Көліктердің нақты шығу жылы бұрмаланып, мемлекет бюджеті бастапқы тіркеу төлемінен 164 миллион теңге көлемінде табысынан айырылды", – делінген хабарламада.

Тергеу кезінде мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.

Сот үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, 2025 жылдың соңында Алматыда тағы бір жағдай тіркелген: арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің көмегімен бірнеше адам үш жыл бойы көліктерді тіркеп, бастапқы тіркеу төлемін төлемеген. Сол іс мемлекетке 1,2 миллиард теңге шығын әкелген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: