Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Батыс Қазақстанда әскери бөлім басшылары пара үшін сотталды

Олар жеке компания директорынан орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны мен алдағы уақытта да көрсететін көмегі үшін 300 мың теңге пара алған.

Сурет : zakon.kz8 Қазан 2019, 10:04

ҚР Ұлттық ұланының "5517 әскери бөлімі" РММ-нің басшылық құрамның бірқатар тұлғалары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ұлттық ұланының "5517 әскери бөлімі" РММ бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары майор Ж.М.Омаровқа және аталған РММ-нің киім-кешек қызметі бөлімінің бастығы лейтенант Т.Б. Қыдыровқа қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар жеке компания директорынан орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және алдағы уақытта да көрсететін көмегі үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Ағымдағы жылдың 7 қазанында Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкімімен Омаров пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал Қыдыровқа 6 млн теңге сомасында айыппұл төлеу жазасы белгіленді.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ әскери атақтарынан өмір бойына айырылды


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер