Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тимур Құлыбаев федерация басшылығынан кетті

Бокс федерациясын тастап, орнына Кеңес Рақышевты қойып кетті.

Сурет : ҚР ҰОК9 Қазан 2019, 17:03

Тимур Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Мен Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып қайта сайландым. Мәдениет және спорт министрлігімен бірлескен жұмыстың арқасында заңнамаға түзетулер қабылданды. Соған сәйкес, біз ҰОК ретінде олимпиадалық спорт түрлерін қаржыландыру міндетін орындап жатырмыз. Бұл жұмыс бір жыл бойы жалғасып келеді және мүдделер қақтығысына жол бермеу үшін мен Қазақстан бокс федерациясының президенті ретіндегі, сондай-ақ ҚР судағы спорт түрлері федерациясы президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату туралы шешім қабылдадым, - деді Құлыбаев федерацияның жыл сайынғы конференциясында.

Ол Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті ретінде спортты, ең алдымен боксты дамытуға қатысты барлық мәселелермен толықтай айналысатынын айтты.

- Сіздермен бірге біз 10 жыл бойы спортымыздың дамуы үшін жұмыс атқардық. Менің нәтижелерім жаман емес деп ойлаймын: 2 Олимпиада чемпионы, 11 әлем чемпионы және Вал Паркер кубогы. Ең бастысы, біз жоғары халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлаудың тиімді жүйесін құрдық, - деді Тимур Құлыбаев.

Ол Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметіне ұлттық спортты дамыту ісіне белсенді қатысып жүрген Кеңес Рақышевтің кандидатурасын ұсынды.

- Бұл кісі – Қазақстан спортының дамуына белсенді қатысатын маман, Азия бокс конфедерациясының вице-президенті болған. Ол бір жыл бойы Бокс федерациясының халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеп келді. Кеңес Хамитұлы меценат, новатор ретінде танымал. Менің ойымша, ол жұмыстың тың тәсілдерін тауып, лайықты көшбасшы бола алады, - деп түйіндеді сөзін Құлыбаев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер