Тимур Құлыбаев Kazenergу компаниясының басшысы қызметінен кетті

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы KAZENERGY қауымдастығының төрағасы болып сайланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 15:30 Сурет: olympic.kz
Тимур Құлыбаев Kazenergy қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қауымдастықтың ресми сайтында хабарланды.

"KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мырзағалиев сайланды, деп жазылған ресми ақпаратта.

Бұл шешім 8 қарашада Алматы қаласында өткен "KAZENERGY" Кеңесінің отырысында қабылданды.

"KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылдың 2 қарашасында құрылды.

Бүгінде қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі салаларындағы компанияларды біріктіреді. Қауымдастықтың мақсаты – әлемде және елімізде энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетика саласының (мұнай-газ және электр энергетикасы) тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу.

Қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық жұмыс болып есептеледі, оған жалақы төлеу қарастырылмаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: